Италиядағы жанжал: аңызға айналған Пирло күтпеген себеппен бапкерлік қызметінен айырылды
Италияның аңызға айналған футболшысы Андреа Пирло букмекерлік кеңселермен келісімшартына байланысты БАҚ-та жанжал туындағаннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына үміткер емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport маманның әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Италия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, футбол федерациясы әлі күнге дейін жаңа тәлімгерді тағайындаған жоқ. БАҚ ықтимал үміткерлердің арасында 2006 жылғы әлем чемпионы және "Ювентустың"...