Өзбекстанда ажырасу көбейіп, отбасын құрғандар қатары азайды
Биыл алғашқы үш айда Өзбекстанда 42,3 мың жұп отбасын құрды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген некелер саны 1,5 мыңға аз, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Сонымен бірге елде ажырасу көбейді. Атап айтқанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 12,7 мың отбасының шаңырағы шайқалды. Былтырмен салыстырғанда биыл ажырасу деректері 1,2 мыңға көп.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 42,3 мың некенің 20,2 мыңы (47,7%) қалаларда, ал 22,1 мыңы (52,3%) ауылдық жерлерде тіркелген.