Елордада алғаш рет ревматология орталығы ашылды
Елордада алғашқы ревматология орталығы ашылды. Енді науқастар ұзақ кезек күтпей-ақ, ауруханаға жатып емделе алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ревматология орталығы «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар» орталығында ашылды.
– Бұл орталықтың ашылуы – Астанадағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін маңызды кезең. Бұған дейін қалада ревматология саласы бойынша мамандандырылған стационар бөлімше жоқ еді. Енді буын ауруына шалдыққан науқастарға медициналық көмек қолжетімді болады.