Алатау қаласына арнаулы құқықтық мәртебе берілді
Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау.
Қаланың ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін қолайлы орта құруға бағытталған дербес экожүйені қалыптастыруды көздейтін түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады.
Конституциялық заңға сәйкес...