Жезқазған желі жаңа жобаға “баға“ берді
Жезқазғанда қаланы абаттандыруға қатысты тағы бір дау туды. Бұл жолғы мәселе – орталық көшелердің бойына төселіп жатқан жасанды көгал, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұмыс әлі толық аяқталмай жатып, тұрғындар қатты желден кейін жабынның кей жері көтеріліп, қайырылып қалғанын байқаған. Бұл жағдайды жергілікті қоғам белсендісі Берік Жағыпаров сынға алды. Оның айтуынша, қаланың көркін ашуға тиіс жоба Жезқазғанның желді ауа райына алғашқы сынақтан-ақ шыдас бере алмаған.
"Жасанды көгал күзді де...