Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандар ұсталды
Павлодар облысында жедел уәкілдер студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда екі оқушы құрдастарынан бағалы заттарын ломбардқа өткізуді талап етіп, ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Тіпті қысым көрсету үшін абыройға нұқсан келтіретін бейнематериалдар пайдаланылған.
Екібастұз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студенті танысымен бірге 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды.