Тай ханшайымы Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды
Таиланд королі Рама X-ның үлкен қызы, ханшайым Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Ханшайым бірнеше жыл бойы комада жатты. Ол өкпе мен бүйрек жұмысын жетілдіретін аппараттарға қосылған болатын.
Билік өкілдерінің мәліметінше, дәрігерлер бар күшін салғанымен, оның жағдайы бақылауға көнбеген инфекция салдарынан нашарлап кеткен. Инфекция өмірлік маңызды ағзалардың жұмысына кері әсер еткен.
Ханшайымның денесі қоштасу рәсімі үшін Бангкоктағы Үлкен сарайға қойылады...