Алматы – Қорғас жолындағы бетон бөлік жүргізушілерге қауіп төндірді
Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас тасжолында түсірілген видео тарап жатыр. Онда жол төсемінің ақауынан көліктердің жаппай зақымдалғаны көрсетілген, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"Бәйдібек би ауылына бұрылатын тұсқа жетпей, жолдың бір бөлігінде бетон сынығы қауіпті түрде шығып тұр. Жүргізушілер жоғары жылдамдықпен келе жатып, оған соғылып жатыр", — делінген видеоның жазбасында.
Видео авторы жол жиегінде амалсыз тоқтаған көліктерді көрсетеді: Jetour кроссоверінің дөңгелегі жарылып, дискі зақымдалған...