+37 градусқа дейін ыстық, найзағай. 13 маусымға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" сенбі, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық болады, ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.