Ақтөбеде арнайы жасақ операция жүргізді: қару-жарақ, граната және есірткі тәркіленді
Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңір аумағында есірткі сатумен айналысқан деген күдікке ілінген 38 жастағы тұрғынды ұстады.
"Санкцияланған тінту барысында күдіктінің тұрғылықты жеріндегі қойма үй-жайынан екі ұңғылы аңшы мылтығы, оған арналған оқ-дәрілер...