Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатында қол жеткізген нәтижелер, қаржы секторы, алтын-валюта резерві, Ұлттық қор мен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жағдайы, сондай-ақ қаржы жүйесінің цифрлық трансформациялануы жөнінде мәлімет берді.
Президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды.