Қазақстанда 37 миллиард теңгенің бензинін елден шығару схемасы әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Қырғызстанға АИ-92 бензинін контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Схема қалай жұмыс істеді?
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ құрамында 9 адам болған. Схеманы жүзеге асыру үшін олар 12 заңды тұлғаны тіркеп, сол арқылы мұнай өнімдерін сатып алуды, рәсімдеуді және экспорттауды жүзеге асырған.
"Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны сыртқа шығару...