Тоқаев Бейбітшілік кеңесі өкілімен Газаны қалпына келтіру мәселесін талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді.
"Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз", – деді Мемлекет басшысы.