Түркістан облысында жүргізуші көлік нөмірін жасырып, камераларға ерсі ишарат көрсеткен
Республикалық тасжолда мемлекеттік нөмірін матамен жауып алған Hyundai автокөлігі байқалды,- деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылордадан Таразға бара жатқан жолда жүргізуші автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырып қана қоймай, заңбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камераларға әдепсіз қимылдар көрсеткен.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады, содан кейін іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еске салайық, ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес...