Қоқысты ЖИ-мен “тазартқан“ ба? Алматы тұрғынын әкімдіктің есебі таңғалдырды
Алматы тұрғыны Бостандық ауданы әкімдігін қала көшелерін "тазарту" үшін жасанды интеллектіні пайдаланды деп күдіктенеді, деп хабарлайды Tengri Life.
Қыз №125 мектеп маңындағы қоқысқа қатысты Threads-та шағымданған. Оның айтуынша, бұл мәселенің барына біраз болған, сондықтан ол жазбасында аудан әкімдігін белгілеуді ұйғарған.
Жауап көп күттірмеді.
"Бостандық ауданының әкімдігі менің қоқыс түсірілген фотоларымды алып, жасанды интеллект арқылы қоқысты өшіреді де, ұялмай маған жауап береді. Нағыз әзілкештер!" - деп жазды автор.
Скриншот...