Үйде “банка жапқанда“ сақ болыңыз: дәрігерлер бірнеше адамнан ботулизм диагнозын анықтаған
Алматыда кейінгі екі жылда дәмхана, мейрамхана, сауда орнында тамақтан ұшынғандар анықталмаған. Бірақ дәрігерлер ботулизммен ауырған адамдарды тіркеген. Олардың бәрі үйде жасалған консервіні тұтынған. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен баспасөз конференциясында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр ботулизммен ауырған үш адам тіркелсе, биыл да осындай үш науқас анықталған. Барлығына үйде жасалған консервілер...