Заң жобасы: Топырақ құнарлығын төмендеткен фермерден жер қайтарып алынады
Топырақ құнарлығын төмендеткен фермерден жер қайтарып алынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұржан Әшімбетов айтты.
«Топырақты қорғау туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжатты бірінші оқылымда талқылау барысында депутат Қайрат Балабиев баяндамашыдан: «Бүгінде топырақ деградациясының ауқымы орны толмас сипатқа ие болып отыр. Дегенмен, заң жобасы ұсынып отырған құралдар шаруаларға қатысты топырақты қорғау және ұтымды пайдалану талаптарын айтарлықтай қатаңдатады. Бұл жаңашылдықтар...