Ақтау портындағы жемқорлық ісі: сот үкімі оқылды
Ақтауда теңіз портындағы жемқорлық ісіне қатысты сот үкімі оқылды. Сот порттың бұрынғы президенті Абай Түрікпенбаев пен тағы үш адамды кінәлі деп таныды деп жазды Bes.media сайты.
Сот Абай Түрікпенбаевты 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге жіберді. Бірақ оның тергеу изоляторында отырған (2025 жылдың сәуір айынан бері) "бір күні екі күн болып есептеліп", сот залынан босатылған. Ол түрме жазасын өтеген болып танылған.
Сайттың жазуынша, Ахмад Мустафинге (экс-директор) 4,5 жыл түрме берілді...