Instagram-да Тоқаевтың президент атқорасына барғаны жайлы видео тарады
3 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы парақшасында оның асыл тұқымды аттарға арналған қораға барғаны туралы видео жарияланды.
Видео сипаттамасында атқораның Президент іс басқармасына тиесілі екені айтылады.
"Мамыр мерекесінде уақыт тауып, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайттым. Бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң...