"eGov Mobile қазақ тілін алалайды". Зерттеу мемлекеттік қызметтегі теңсіздікті көрсетті
Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік электрондық қызмет сапасы орыс тіліндегіден нашар. Бұл туралы eGov Mobile қосымшасындағы жасанды интеллект (ЖИ) ботына сұрақ қойып, сынақ жүргізген зерттеушінің қорытынды мақаласында айтылған.
"Екі тіл, екі стандарт: Қазақстан мемлекеттік қызметіндегі ЖИ және лингвистикалық теңсіздік" дейтін мақала Орталық Азияны зерттейтін CAPS Unlock жобасының сайтында жарияланды. Авторы – Жаннат Бүбекбаева.
Зерттеуші биыл наурызда eGov Mobile қосымшасында сынақ жүргізіп...