Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қорғаныс министрлігіне, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына және "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Есеп комитетінің төрағасы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ретсіз шығындар, қарыз жүктемелерінің артуы, холдингтегі өндіріс жүйесінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.