Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып...