Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.
Алдымен аймақ басшысы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді.
98 жастағы ардагер Талас ауданының тумасы. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған.