Қырғызстан Қытай арқылы өтіп, Пәкістанға баратын жаңа көлік дәлізін ашты
Қырғызстан – Қытай – Пәкістан бағыты бойынша пилоттық жаңа көлік дәлізі ашылды деп хабарлады Қырғызстанның көлік және коммуникация министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, жоба Қырғызстанның халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығымен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздерін дамыту және әлемдік теңіз порттарына тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету стратегиясы аясында жүзеге асырылған.
Жаңа жол Бішкектен басталып, Торугарт шекара өткелі арқылы өтеді, әрі қарай Қашқар — Хунжераб — Исламабад — Карачи теңіз портына дейін барады.