Қоғам белсендісі Алмасбек Садырбайдың ісі бойынша сот өтіп жатыр
Алматы облысы Қонаев қаласының сотында мемлекеттік субсидия саясатын сынап, кейін өзі "аса ірі көлемде ақша жымқырды" деп айыпталған кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Алмасбек Садырбайдың соты өтіп жатыр.
Адвокаты Анар Құсайынованың сөзінше, алғашқы сот отырысы 9 сәуірде басталған. Содан бері үш отырыс өткен. Соңғы рет отырыс кеше, 22 сәуірде болған. Прокурор Әлімжан Санабаев 4 сағат бойы айыптау актісін оқып, тауыса алмаған.
Оның алдында бір күн бұрын қорғау жағы судьяны ауыстыру туралы өтініш түсіргенмен өтініш орындалмаған.