Алматыда Оразалы Ержановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті
22 сәуірде Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Бұл жөнінде журналист Вадим Борейко хабарлады.
Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі, заңгер Оразалы Ержановқа Қылмыстық кодекстің 150-бабы бойынша (“Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау”) айып тағылған.
Істі судья Руслан Мұратбеков қарап жатыр.
Алдын ала тыңдау кезінде адвокат Виталий Воронов Қылмыстық-процестік кодекс баптарының...