Астана әуежайында 4 ай тұрған шешен азаматы Зелимхан Мұртазов Арменияға кетті
Соғысқа барғысы келмей Ресейден қашқан, Астана әуежайының транзит аймағында шамамен төрт ай тұрған Зелимхан Мұртазов Арменияға ұшып кетті. Бұл жөнінде оның туыстарына сүйенген “Вот Так” жазды.
Оның бауыры Турпал Мұртазовтың айтуынша, ол Астана мен Ереван арасында тіке рейс қосылған күні Арменияға ұшып кеткен. Звартнотц әуежайында оны 3-4 сағат тергеген, содан кейін елге кіруге рұқсат берген.
Мұртазовтың Қазақстаннан кеткенін адвокаты Елена Жигаленок "Власть" басылымына растады.
Былтыр "Кавказ.Реалии"...