Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
"Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды.