Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарадан кейін зейнетақы жинағындағы артылған сомаға салық қалай алынатынын түсіндірді.
«Зейнетақы жинағындағы артылған сомадан алған ақшадан салық салынбай ма? Қазір шешіп алсақ алсақ та, салық алынбай ма?» — деп сұрады журналист.
Вице-министр зейнетақымен байланысты алым-салықтың бәрі жаңа салық кодексі күшіне енген күннен бастап қана күшін жоятынын айтты.