Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, мәселелерді бақылауға алды.
Аймақ басшысы алдымен 1972 жылы іргесі қаланған бос тұрған көпқабатты тұрғын үйдің қазіргі жағдайын көрді.
Нысанды жаңғыртудан өткізіп, тиімді пайдалану жоспарлануда. Ербол Қарашөкеев нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ), құрылысын сапалы жүргізуді тапсырды.
1973 жылы пайдалануға берілген 1280 орындық А. Пушкин атындағы орта мектеп жөндеуді қажет етеді.