Стало известно, как московские предприятия работали в годы ВОВ
Брянск присоединился к акции «Огонь памяти»
Президент Кубы на встрече с Путиным пожелал России успехов в проведении СВО
Тысячи человек пришли в Музей Победы 9 мая
"Бәрін бүлдіріп алып, кейіннен кешірім сұрайды". Президент вандализммен күрес туралы айтты
Сенбілік барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялау маңызды екенін атап өтті.
"Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді.