ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шағымдардың ең көп саны жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қатысты түседі.