Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжіге келді. Онда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті.
Тараптар екіжақты, соның ішінде өңіраралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады.
"Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болды. Одан кейін Сіз Қазақстанға жұмыс сапарымен келдіңіз. Бұл оқиғалар Шыңжаң мен Қазақстанның шығыс...