Бүгін сағат 17:00 – 22:00 аралығында 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Мұндай марафон елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Телемарафонның басты кейіпкерлері — табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып...