Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мүсірепов, Айыртау, Шал ақын, Тимирязев, Есіл аудандарының әкімдері, сондай-ақ жауапты ведомстволардың басшыларының қатысуымен тасқынға байланысты қорытынды кездесу өткізді.
Аталған аудандарда су тасқыны қаупі бар елді мекендер бақылауға алынды. Өткен жылдан бері су басу қаупін барынша азайту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Шал ақын ауданы:
- Кіші Тораңғыл көлінде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп , Сергеевка қаласында қорғаныс бөгеті нығайтылды.