ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай балаларға арналған спорттық және ойын алаңшалары ашылды. Салтанатты шарға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарды мерекемен құттықтап, осынау қастерлі күннің маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.