Аша Матай мыңыншы эфирі көрерменге жол тартқан “Бір болайық” (“Қалаулым”) жобасында болған қызықты сәттер жайлы айтты. Тележүргізушінің айтуынша, бағдарламаға қатысқан қыздың бірі үшін олардың өміріне қауіп төнген. Қыздың әкесі тікелей эфир кезінде түсірілім алаңына келіп, шығармашылық топқа қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы “ZhambylNews” АА НТК арнасының “OZMZ ғой” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткен жобаға қатысу туралы өтініш білдірген. Алайда ата-анасының рұқсатын алмаған.