Қазақстанда жыл басынан бері үйінде жалғыз қалған балалардың өліміне әкеп соққан 15 өрт болды. Мұндай деректі балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева келтірді. Уәкілдің айтуынша, мұндай қасірет қайталанбауы үшін мемлекет мұқтаж отбасыларды қолдауы керек. Әйтсе де, дәл осы сөздер бес жыл бұрын Астанада бес баланың қазасынан кейін де айтылған.
2019 жылдың 4 ақпанындағы қайғылы оқиға азын-аулақ жәрдемақыға күн көріп отырған көпбалалы отбасылардың мәселесін ашып көрсетті.