Иран. Хаменеидің өлімінен кейін аймақта қандай өзгеріс болуы мүмкін?
АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтар айы бойы Иранға соққы жасаймын деп сес көрсетумен болды, дәл сол уақытта елде мыңдаған адамның өмірін қиған жаппай наразылық болып жатты. Өткен сенбі күні ол қоқан-лоққысын жүзеге асырып, АҚШ пен Израильдің біріккен барлау жұмысының көмегімен елдің әскери басшылығын жойды. Иранның жоғарғы көшбасшысы, өлім сағаты таяғанын сезіп, билік транзитіне дайындық жасай бастаған аятолла Әли Хаменеи де өлді.
Енді Иран жолайрық алдында тұр. Сарапшылар Трамптың қолында әрі қарай әрекет ету жоспары жоқ дейді...