«Бір кітаптан түскен пайданы келесі кітаптың шығуына саламыз»
Баспагер Раиса Сайран Қадыр «Власть» басылымына бес жыл бұрын берген сұхбатын еске алып: «Сол кезде қазақша кітап оқу трендке айналса ғой деп айтып едім, енді міне, бес жылдан кейін соған жетіп отырмыз. Соған себепшілер қатарында болғаныма қуаныштымын», — дейді.
Раиса Қадыр — Steppe & World Publishing баспасының негізін қалаушы. Олар аударған «Хәрри Поттерден» бастап, Мишель Обаманың автобиографиясына дейін кітап дүкендерінің сөресінен лайықты орнын тапты. Қазір Steppe & World Publishing-тен...