2025 жылдың басты оқиғалары Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны туралы шешім мен уақыт белдеуін ауыстырудың халыққа әсерін зерттеу нәтижесі болмақ. Сондай-ақ, жаңа жылда Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданады және бизнеске салық мөлшерлемесі артады. Денсаулық сақтау саласында да өзгерістер болмақ: медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға көмек алу қиынға соғуы мүмкін.
Әлеуметтік блок2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге болмақ.