Қазан айының соңында қайырымдылық туралы заңға түзету енгізу жұмыс тобында талқыланып жатқаны белгілі болды. Бастапқы ұсыныстар үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерін абдыратып тастады: жеке тұлғаларға қаражат жинауға тыйым салу, қорларды аккредиттеу және қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл салу, ал әкімдіктерге ТЖ кезінде қай қор жәрдем жинай алатынын шешуге уәкілеттік беру жоспарланды.
Мәдениет министрі Аида Балаева журналистерге талқы жүріп жатқанын айтып, «мәселе әлі ашық қойылып отырған жоқ» дегенге келтірді.