29 ақпан күні Қазақстанда Дени Вильневтің ғылыми фантастика жанрындағы «Дюна» фильмінің екінші бөлімі прокатқа шықты. Фильм дәл осы атаумен 1963-1965 жылдары жарық көрген америкалық жазушы Фрэнк Херберттің кітабы негізінде түсірілген.
Фильмнің екі бөлімі де қазақша дубляжда шықпады. Дегенмен былтыр қазақстандық оқырман бұл кітаптың қазақша нұсқасын оқу мүмкіндігіне ие болды – 60 жылға жуық уақыттан кейін, 2023 жылы тамызда «Құмбел» атауымен Херберттің көп сериялы кітабы қазақ тілінде шықты.