Добавить новость

Теміртауда автобус тізгіндеген жүргізуші кенет көз жұмды: көлікте жолаушылар болған

Теміртауда автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет сыр беріп, көлік ағашқа соғылды. 64 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Апат кезінде автобуста шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 қарашада сағат 10:30 шамасында болған. Yutong маркалы автобус бағыт бойынша жүріп келе жатқанда, 64 жастағы жүргізушінің кенет жағдайы нашарлаған.
Moscow.media
Ria.city

Новости России




Rss.plus

Музыкальные новости


Новости тенниса







Новости спорта