Қар мен көктайғақ: Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады?
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке« сілтеме жасап.
Астана
15 қарашада бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде −1…−3 градус, күндіз −1…+1 градус.
16 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 5–10 метр.