Жезқазғанда таңертең наубайханадан өрт шықты
Жезқазған қаласында таңертең Сейфуллин көшесінде орналасқан наубайханадан өрт шықты. Тілсіз жау жедел сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наубайхана сауда ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.
"Бүгін таңертең Жезқазған қаласының Сейфуллин көшесінде жеке тұрған екі қабатты сауда ғимаратының бірінші қабатындағы наубайханадан өрт шықты. Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыды", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство мәліметінше, өрт аз уақытта ішінде сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.