Алматыда қоқыс таситын көліктің астындағы асфальт опырылды - видео
Алматыдағы Нұрлытау шағынауданында қоқыс таситын көліктің астындағы жаңадан төселген асфальт опырылып түсті. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз деген"
Шағынаудан тұрғындарының айтуынша, мұндағы жол мәселесі үш айдан аса уақыттан бері шешімін таппай келеді.
Олардың сөзінше, биыл тамызда құбырларды ауыстыру үшін жолдар қазыла бастаған. Жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауға уәде берілген. Алайда қараша келсе де...