Алматыда діни алауыздықты қоздырды деген күдікті ұсталды
ІІМ қызметкерлері діни экстремизмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 44 жастағы ер адамды ұстады, - деп жазады Tengrinews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2024 жылдан бастап ер адам Қазақстаннан тыс жерде болып, сол жақтан радикал идеяларды таратуды жалғастырған.
"Ол жабық Telegram-топтарды басқарып, онлайн-дәрістер өткізген және өз жақтастарына идеологиялық тұрғыдан ықпал еткен. Күдіктінің шетелде жүргеніне қарамастан, оның әрекеті құқық қорғау органдарының назарында болды.