Республика күні: Трамп, Ердоған, Си Цзиньпин қазақстандықтарды құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтаулар түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстарына тоқталып, еліміздің халықаралық қарым-қатынаста салмақты әрі сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ, әлемде абырой-беделі биік екенін атап өткен.