Елена Рыбакина Нинбо турниріндегі жеңісінен қанша тапты?
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өткен Ningbo Open турнирінде екінші жыл қатарынан топ жарды. Бұл жеңісі үшін спортшы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Нинбода өткен халықаралық теннис турнирінің финалында Рыбакина канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры - 1 миллион 206 мың доллар (шамамен 544 миллион теңге).
Ал жеңімпазға 185 мың доллар (83 миллион теңгеден астам) тиесілі.